Шетелден Қазақстанға 132 адам ПТР анықтамасыз ұшып келді

Өткен тәулікте елге Италия, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Беларусь Республикасынан 6 халықаралық әуе рейсімен 878 жолаушы келді.

Келгендердің арасында 746 адам ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен оралған. Ал 132 жолаушыда тиісті анықтама болмаған. Анықтамасыз келген азаматтар оқшауланып, сараптамадан өтеді. Қазір олар арнайы стационарға жатқызылды.

Айта кетейік, 17 қаңтарда шетелден анықтамасыз келген 588 жолаушының ПТР талдауы теріс нәтиже көрсетті.