Оралда шектеу шаралары күшейтілді

Оралда шектеу шараларының күшейетіні туралы бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес, енді демалыс күні базарлар, соның ішінде азық-түлік базарлары мен сауда орталықтары жұмыс істемейді.

Сағат 9 бен кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеуге тек қоғамдық тамақтану орындарына ғана рұқсат беріліп отыр. Мұндай жерлерде адам саны 30 орыннан аспауы тиіс. Бір үстелде 4 адамнан артық жайғасуға рұқсат жоқ. Жолаушы тасымалымен айналысатын автобустар мен такси қызметінде өзгеріс жоқ. Ал бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауға әркім міндетті.