Арнайы топ елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарын тексерді

Бүгін арнайы мониторинг тобы елордадағы сауда және көңіл көтеру орталықтарын тексерді.

Санитарлық эпидемиологиялық станса мамандары кәсіпкерлермен сөйлесіп, күшіне енген өзгерістер жайында хабарлады. Қаланың Бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес бұл ғимараттарда келушілер саны 30 проценттен аспау керек. Осы аптадан бастап орталықтар демалыс күндері жабылады. Тек дәріханалар мен азық-түлік сататын орындар қызметін жалғастырады. Жай күндері олардың жұмыс уақыты таңғы сағат 10-нан басталып, 22:00-де бітеді. Қоғамдық тамақтану, ойын-сауық, мұз айдындарын ашуға тыйым салынған.

Руслан Ыдырысов, қалалық кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция  басқармасының бөлім басшысы:

- Бүгіннен бастап біз сауда және көңіл көтеру орталықтары мен қоғамдық тамақтану орындарында мониторинг жүргізіп жатырмыз. Олардың жаңа ережелерге сай қызмет етуіне дайндығын тексереміз. Бас санитарлық дәрігердің қаулысында бұл орталықтардың жұмыс алгоритмі нақты жазылған. Әзірге барлық талаптардың орындалып жатқанын көріп отырмыз.