417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл Сәтбаев каналына су үш есе аз жіберілуі мүмкін

  • 170
  • UPD: 21:50, 19.01.2021

Биыл көктемде Қаныш Сәтбаев атындағы каналға бөлінетін су мөлшері үш есе төмендейді. Жыл сайын мемлекеттен 100 миллион текше метр суға ақша бөлінетін.

Биыл қаржы министрлігі бюджеттік тапсырыстың тек 40 миллион текше метріне қолдау көрсетті. Оның өзі Шідерті-Өлеңті өзендерінің экожүйесін жақсарту үшін осыдан он жыл бұрын жасалған ғылыми негіздемеге сүйене отырып қарастырылыпты. Ол жобаның мерзімі өткен жылы аяқталған. Бүгінгі күні 120 миллион текше метр суға қажеттілік туындап отыр. Мамандар су тапшылығы өзен жүйелерінің бұзылуына әкеп соғатынын айтады. Сәтбаев каналының бойында 8 су қоймасы орналасқан. Жайылым және шабындық алқаптар  бар. Мал шаруашылығымен айналысатын екі ауданның тұрғындары қиындық көретін түрі бар. Мәселе Үкімет пен Мәжіліс қабырғаларында бірнеше мәрте көтеріліпті. 2021 жылы табиғатты қорғауға  бөлінетін қаржы көлемі қажетті 2 миллиард 800 мың теңгенің тек жартысын құрап отыр.

Леонид Батталов, Қ. Сәтбаев атындағы канал  директорының кеңесшісі:

- Кем дегенде тағы 61 миллион текше метр көлемінде су керек. Бұл  шамамен 1 миллиард 694 миллион тенге. Шідерті өзенінің аңғарын толтыру үшін 100 миллион текше метр су қажет. Егер  қосымша 61 миллион текше метр су бөлінбесе  40 миллион текше метрден  ешқандай пайда болмайды. Ең аз дегенде 100 миллион  текше метр суға қаржы бөлу керек. Ол 2 миллиарл 779,8 миллион теңге. Себебі су Шығанаққа дейін жетпейді.

Мақпал Леписова, Жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және су рерустары басқармасының бөлім басшысы:

- 21 жылға 1,1 миллиард қаражат бөлінді. Жалпы көлемі 40 миллион метр кубты құрайды. Қалған көлемін 2021 жылдың бюджеттік нақтылануына Су ресурстары комитеті тапсыратын болады. Жалпы ол қаржы министрлігінің қарауында ары қарай қарастырылады. Бұл сұрақты біз ары қарай қолға алатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы