417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Адалдық алаңы» жобасы аясында барлық қалада сервистік әкімдік ашылды

  • 190
  • UPD: 21:52, 19.01.2021

«Адалдық алаңы» жобасы аясында барлық қала мен ауданда 317 сервистік әкімдік ашылды.

2 мың 300 мекеме open space форматына көшті. Өңірлердегі адалдық алаңы жобалық кеңсесіне қоғамның белсенді мүшелері басшы болып тағайындалып, облыс әкімдерінің штаттан тыс кеңесшісі қызметін қоса атқарды. Әлеуметтік маңызы бар салаларда қызмет көрсету сапасы мен ақысын бақылайтын қоғамдық мониторинг жүргізілді. Мақсат тұрмыстық жемқорлықты жою - дейді мамандар. Сондықтан мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға басымдық берілген. Бүгінде 698 қызметтің 55 проценті онлайн жүргізіледі. Бюджеттің интерактивті картасы әзірленіп, мемлекеттік органдардың қаржыны қайда, қалай жұмсағаны ашық жарияланды.

Ғанижан Асанұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы:

- Адалдық алаңы жобасының шеңберінде, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету бағытында жасалған жұмыстардың бірі, өз бюджет қаражаттарын интерактивті картада орналастыруы. Сәйкесінше әрбір азамат, қандай мекеме немесе салаға қанша қаражат бөлінді және қандай бағытта пайдаланып жатқанын көре алады. Нәтижесінде 18 мыңнан астам мекеме өздерінің 14 трлн теңге көлеміндегі ақша қаражатын ашық бюджеттің инерактивті картасын қамтамасыз етті.

Хабар 24 телеарнасы