419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяда 25 қазақстандық жазасын өтеп жатыр

  • 217
  • UPD: 14:17, 20.01.2021
Оңтүстік Кореяда 25 қазақстандық жазасын өтеп жатыр BBC.com

Бүгін Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Корея Республикасы арасында сотталған азаматтарды алмасу туралы шарт жобасын мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған сай, Қазақстанға қайтарылған адам Корея сотының үкімімен жазасын Отанында өтейтін болады. Егер екі елдің заңдарында сәйкессіздік туындаса, онда сот үкімі қайта қаралады. Алайда жазаның сипаты мен мерзімі Корея соты тағайындаған жазадан ұзақ болмауы тиіс.

Айта кетейік, осы күні Кореяда 25 қазақстандық жазасын өтеп жатыр. Тағы 26 азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ал біздің елде Кореяның бір азаматы бас бостандығынан айырылған. Келісім күшіне енген жағдайда онда сотталған Қазақстан азаматтарын елге қайтаруға мүмкіндік туады. Сотталғандарды алмасуға екі мемлекет келіскенімен, азаматтың таңдауы да назарға алынады. Еліміз қылмыстық атқару жүйесі бойынша 70-тен астам елмен қарым-қатынас орнатқан. Оның ішінде 32 елмен 68 екіжақты келісім бар.

Хабар 24 телеарнасы