Мас судьяға қатысты Алматы қалалық соты түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде тараған видеодағы бір топ мас адамның бірі судья болуы мүмкін деген пікірлерден кейін қалалық соттың баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азаматтардың айтуынша, ащы суға сылқия тойғандардың бірі Алмалы аудандық сотында жұмыс істейтін көрінеді. Видео әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда қызу пікірталас тудырды. Аталған жағдайға байланысты қалалық соттың баспасөз қызметі былай деп жауап берді.

Абай Жарылқасын, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:

– Таратушылардың пікірінше, бейнежазбадағы тұлғалардың ішінде Алмалы аудандық сотының судьясы бар. Осы оқиға бойынша Алматы қалалық соты қызметтік тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлаймын.

Сондай-ақ...