417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы метросына жаңа басшы келді

  • 136
  • UPD: 14:23, 20.01.2021
Алматы метросына жаңа басшы келді

Алматы «Метрополитен» КМК басшылығына Сағындық Телібаев тағайындалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов жаңа басшыны ұйым қызметкерлеріне таныстырды. Сонымен қатар ол қала әкімі метрополитеннің алдына бірқатар нақты міндет қойғанын атап өтті. Ол – жолаушыларға қызмет көрсету сапасының жақсаруы, қауіпсіздік деңгейінің жоғарылауы, жолаушылар ағынының артуы.

Ол метроны одан әрі дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды.

Сағындық Телібаев метрополитендегі еңбек жолын «Алматыметрокрылыс» АҚ күрделі құрылыс басқармасының техникалық инспекторы болып бастады. Кейін күрделі құрылыс бөлімінің жетекші инженері, Алматы қаласының «Метрополитен» КМК техникалық бөлімінің жетекші инженері болды. Ал Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жол инфрақұрылымы бөлімінің маманы болып бастады. Соңғы бірнеше жылда Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы болды.

Хабар 24 телеарнасы