Елжан Біртановтың үйқамақта отыру мерзімі ұзартылды

Елжан Біртановтың үйқамақта отыру мерзімі төрт айға дейін ұзарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы 28 ақпанға дейін үйқамақта отырады. Экс-министр үлкен көлемдегі мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Ол өткен жылдың күзінде тұтқындалған.