Еліміздегі автомобиль жолдарының 6000 шақырымы тексерілді

Еліміздегі автомобиль жолдарының 6 мың шақырымына халықаралық жүйе арқылы бағалау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауіпсіздік деңгейін бағалау кезінде 50-ден астам параметр бойынша тексеріс жасалды. Бүгін елордада «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мен халықаралық автомобиль жолдарын бағалау жүйесі арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, бұл әдіс арқылы барлық жол учаскелерін толық талдауға, сондай-ақ апат деңгейі жоғары жолдарды анықтап, бақылауға болады.

Замир Сағынов, «Жол активтер» ұлттық сапа орталығының бас директоры:

- Биыл жол белгілерді тексеруді бастадық. 10 мың жол белгілерін тексердік. Оның 34 пайызы стандартқа сай емес. Бұл жүйе арқылы республикадағы барлық жолды тексеру қажет. Бес балдық жүйемен тексеріледі. осы балдық жүйені көтеру бағытында ұсынысты жібереді.

 

Сондай-ақ...