Қызылордада пәтер алып беремін деп 2,5 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ ұсталды

Қызылордада пәтер алып беремін деп 5 адамды алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын да істі болған 30 жастағы келіншек өзін «құрылыс басқармасының қызметкерімін» деп таныстырып, жаңа салынған үйлерден пәтер алып бере алатынын айтып сендірген. Баспанадан үмітті жандар жиған-тергенін оның қолына ұстата салған. Бас-аяғы 2,5 миллион теңгені қалтаға басып, ізім-қайым жоғалып кеткен әйелді күте-күте күдері үзілген 5 тұрғын амалсыз полицияға хабарласқан. Дереу іздестіру нәтижесінде күдікті ұсталып, кінәсін мойындады.

Ғалымжан Табынбай, ҚПБ тергеу бөлімінің басшысы:

- ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлік 4-тармағымен алаяқтықты бірнеше рет жасау дерегі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Алаяқтық деректері көп, қазіргі таңда 100 алаяқтық дерегі бар. Күдікті азаматтар анықталып жатыр.