Оралда шектеу шаралары күшейтілді

Демалыс күндері базарлар жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азық-түлік базарлары мен сауда орталықтары да жабық болады. Шектеу негізінен қоғамдық тамақтану орындарын қамтиды. Енді дәмхана-мейрамханаларда адам саны 30-дан аспауы тиіс және жұмыс уақыты кешкі 20:00-ге дейін қысқартылды. Санэпидемиологтар шектеу шараларын бұзған 4 бірдей тамақтану нысанына қатысты материалды сотқа жолдаған. Аймақта эпидахуал мәз емес. Соңғы тәулікте 45 адамнан қатерлі індет белгілері табылды.

Роза Хасенова, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Қоғамдық тамақтану орындарында адамдар көп жиналатын салтанатты іс-шаралар өткізу фактілері әлі де жиі анықталып отыр. Сондықтан мониторингтік топтардың жұмысы ширай түсуі тиіс. Қазіргі уақытта біздің қарауымызда осындай 26 іс бар.

Сондай-ақ...