Алматыда карантин талаптары қаншалықты сақталып жүр

Алматының қоғамдық көліктерінде бетперде тағу талабы сақталғанымен, әлеуметтік арақашықтықты сақтау оңайға соқпай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе таңертеңгі және кешкі уақытта автобуста адам көп. Әріптесіміз Аршын Кемелжан автобус аялдамасындағы жағдайды айтып беруге дайын. Аршын, қайырлы таң! Қоғамдық көліктердің жұмысы қалай?

– Қайырлы таң, студия! Қазір қаладағы көлік ағыны қауырт, мен Райымбек даңғылындағы аялдаманың бірінде тұрмын. Үлкен даңғыл болғандықтан, қоғамдық көлік те көп жүреді. Жолаушылар бетперде талабын сақтағанымен, әлеуметтік арақашықтықты сақтау мүмкін емес. Өйткені, жолаушылар саны көп, санитарлық талапты сақтау үшін таңғы және кешкі уақытта қоғамдық көліктің жиі-жиі жүргені дұрыс.