Қызылордалық кәсіпкер төрт жылда бюджетке 136 млн теңге залал келтірген

Қызылордада аса ірі көлемде бюджетке залал келтіру фактісі анықталды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен ірі көлемде бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Бюджетке келтірілген залал көлемі 136 млн астам теңгені құрады. Кәсіпкердің заңсыз әрекеті 2014-2018 жылдар аралығында жүргізілген аудиторлық тексеру кезінде анықталған.

ҚР ҚК 245-бабы 1-б. (декларацияны табыс етпеу не салық салынатын басқа да объектілерді, міндетті төлемдерді жасыру жолымен декларацияға бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салынатын салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ірі көлемде төлеуден жалтару) тергеу ісі жүргізілуде», – делінген ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі таратқан мәліметте.