Елімізде сүт өнімдері қымбаттады

Елімізде шикі сүттің бағасы бір жылда 9,8 процентке қымбаттады, яғни 1 литрі орта есеппен 243,7 теңге болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал майлылығы 2 жарым проценттік пастерленген сүттің литрі 6 жарым процентке немесе 258,1 теңгеге өсті. Бұл туралы energyprom.kz сайтында жарияланды.

Жалпы 2020 жылы 598 жарым мың тонна өңделген сүт пен кілегей шығарылған. Сүт өнімдерінің 32 проценті Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Бұдан бөлек, өндіріс көлемінің үштен бір бөлігі Алматы және Ақмола облыстарына тиесілі. Сүт өнімдері бағасының қымбаттауы өнімге сұранысты да төмендетті. 2020 жылдың үшінші тоқсанында әрбір қазақстандық 4,6 литр ғана сүт пен сүт өнімдерін тұтынған.

Сондай-ақ...