Қостанай облысында ойын клубы заңсыз жұмыс істеген

Рудный қаласында карантин кезінде жұмыс істеп тұрған ойын клубы әшкереленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция 10 адам ойнап отырған кезде үстінен түскен. Келушілер мен қызмет көрсетушілер бетперде тақпастан қарапайым гигиеналық талаптарға жүрдім-бардым қараған. Қызметін заңсыз жүргізген кәсіпкерге сол жерде хаттама толтырылды. Нысанға қатысты әрі қарай шешімді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қабылдайды.