Шымкентте заңсыз құрылыс тоқтатылды

Шымкенттің жаңа шағын ауданындағы заңсыз құрылыс тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетейік, «Шымкент сити» қалашығындағы көп қабатты үй ауласының жанынан үлкен қазан шұңқырдың қазылғандығын айтып тұрғындар шағымданған болатын. Мұнда 9 қабатты көп пәтерлі үй салу жоспарланған.

Тексерістен кейін мердігерге құрылыс талаптарын бұзғаны үшін үш бап бойынша айыппұл салынды. Ендігі мердігер мекеме тиісті құжаттарын рәсімдеу қажет. Бұл туралы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хабарлауы міндетті. Ал құрылыс компаниясы қазған қазан шұңқыр қайта көміліп, жері тегістеледі.

Ғалымжан Өтенбаев, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының м.а.:

– Қоршаулар орнатылды. Құрылыс тоқтады. Мердігер мекемеге айыппұл салынды. Ол біздің басқармаға хабарлама бермегені бойынша. Екіншісі жобалық сметалық құжаттаманың әзірленбегені, тиісті деңгейде техникалық қадағалаушысы жоқ, авторлық қадағалаушысы да жоқ және де сараптамадан өтпегені үшін. Айыппұл көлемі 720 айлықтық есептік көрсеткішті құрап отыр. Ол 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Сондай-ақ...