Қостанайда қажетсіз жаңажылдық шыршалар кәдеге жаратылады

Қостанайда жаңа жылдың сәнін келтіріп, қазір қажетсіз боп қалған бес мыңдай шырша қайта өңделіп кәдеге жаратылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарағайлар экобелсенділердің күшімен ағаш өңдеу кәсіпорындарына тапсырылып жатыр. Бүгінде қаланың бес шағын ауданынан екі мыңға жуық жасыл ағаш жиналды. Жоба бастамашылары келер жылы облыс орталығын түгел қамтуды жоспарлайды. Коммуналдық ұйымдар мен кәсіпкерлер оларды көлік және өндіріс алаңымен қамтамасыз етіп жатыр.

Наурызбек Бірмағамбетов, экологиялық клуб жетекшісі:

– Шыршалар ағаш өңдеу кәсіпорындарында ұсақтап үгітіледі. Жоңқаны топырақты өңдеуге арналған тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Алдағы уақытта оны саяжайшыларға тегін таратамыз. Әсіресе қылқан жапырақты ағаштардың тікені пайдалы. Олар топырақты ылғалдандырып, өсімдіктердің тез өсуіне ықпал етеді.

Сондай-ақ...