Шымкентте шектеу шаралары 8 ақпанға дейін ұзартылды

Шаһарда жаңа қаулыға сәйкес кезекші топтарды қоспағанда балалардың мектепке дейінгі ұйымдары мен сауықтыру лагерьлерінің жұмысы тоқтауы тиіс.

Қаладағы қоғамдық көлік таңғы сағат 7-ден кешкі 9-ға дейін жүреді. Жолаушылар бетперде тағып, арақашықтық сақтауы қажет. Автобустың сыйымдылығы да қадағаланады. Карантин мерзімі аяқталғанға дейін барлық ұйым мен жеке кәсіпкерлер санитарлық талаптарды сақтауы міндетті.