414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-дағы ауруханаларға оттегі станциялары орнатыла бастады

  • 195
  • UPD: 19:57, 21.01.2021
СҚО-дағы ауруханаларға оттегі станциялары орнатыла бастады

Қазір өңірде 5 медицина орталығындағы 238 төсек-орында құрылғы бар. Жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

Бұрын дәрігерлер арнайы зауытпен келісімшарт жасасып, оттегіні баллонға құйып алатын. Дәрігерлердің айтуынша, Петропавлдағы туберкулезге қарсы диспансер былтыр жарты жылда оттегі сатып алуға 7 миллион теңге жұмсаған. Жаңа станцияның арқасында біршама қаржы үнемделеді. Сәтін салса, биыл облыстағы тағы алты аудандық орталық ауруханаға осындай станция орнату жоспарланып отыр.

Қаныш Бижанов, облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері:

– Осының алдында біз оттегі баллондарын жоғары көтеріп лифтімен, әр аппаратқа қосып жүрген кезде, ол қиыншылық болды. Өйткені бәрін көтеру керек, жұмысшылар қажет. Және ол қауіпті болды. Өйткені оның жарылу қаупі бар. Демалуға арналған аппараттардың бәрі консульдарға қосылып істей береді. Егер аппаратынсыз жай оттегі беретін болсақ, мұрнынан трубкамен осы ылғалдандыратын аппараттар бар.

Хабар 24 телеарнасы