414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысындағы қар көшкіні қаупі бар аймақтар әуеден бақыланды

  • 184
  • UPD: 21:06, 21.01.2021
Алматы облысындағы қар көшкіні қаупі бар аймақтар әуеден бақыланды

Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі бар учаскелер мен өзен арналары әуеден бақыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта екі аптаға созылған аяздан кейін ауа температурасы күрт жылына бастады. Талдықорғанда бүгін сынап бағанасы +5 градус жылылықты көрсетіп тұр. 112 қызметі 22-2З қаңтар күні өңірде нөсер жауын болатынын хабарлады. Сол себепті төтенше жағдайлар мен «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары «Жетісу Алатау» тау жотасын әуеден бақылап, Ақсу, Сарқан, Ескелді аудандары аумағындағы сел қаупі бар өзендерге аэровизуалдық бағалау жасады. Әзірге өзен бассейндерінде қауіпті учаскелер байқалмады. Таудағы қардың қалыңдығы – шамамен 20-40 сантиметр.

Мұрат Садықов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

– Алматы облысының аумағында қар көшкіні қаупі жиі туындайтын 100-ге жуық учаске бар. Олар негізінен Іле Алатауы мен Жетісу Алатауының жоталарында орналасқан. Қар көшкіні кезеңі әлі аяқталған жоқ. Дегенмен жағдай тұрақты деп айта аламын.

Хабар 24 телеарнасы