БҚО-да киік саны көбейген

Батыс Қазақстан облысында киік санының өсуімен бірге браконьерлік әрекеттер де жиілеп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек өткен жылы өңірде дала жануарларын заңсыз аулауға қатысты 44 қылмыстық іс тіркелген. Киік атып, мүйізін саудалаған 10 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Инспекторлар даладан 500 бас киіктің өлексесін тауып, қаскөйлерден 2 мыңдай мүйіз тәркіледі. Ауыл тұрғындары соңғы жылдары саны көбейген киіктер жайылымды отап, қысқы мал азығын қамдауға кедергі келтіреді дейді. Дала жануарларын бағуға арналған арнайы резерват құру мәселесі әзірге қағаз күйінде қалып отыр. Браконьерлерден тәркіленген киік мүйіздерін кәдеге жарату жайы да шешімін тапқан жоқ. Тағы бір өзекті мәселе – кей аудандарда қысқы мал азығы азайып кеткен.   

Қайрат Қадешев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:

– 2021 жылы сәуір айында жоспарлы санақ жоспарланып отыр. Әрі қарай киіктердің реттелуі санына байланысты болады. 2023 жылға дейін мораторий деп жарияланды. Сондықтан реттеу немесе басқа жерге көшіру бұл ғылыми түрде негізделуі керек. Бұл бағытта қазіргі кезде уәкілетті орган орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті айналысып жатыр.

Сатқан Өмірзақов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазіргі уақытта 1 059,2 мың тонна шөптей немесе дайындалған шөптің 63,3% және 52,9 мың тонна жем қолда бар. Облыс бойынша 2 245 мал қыстақтары бар, оларда 4,8 мың адам жұмыс жасауда. Олардың 1422 қыстақта мал толықтай тоқтап тұр. Мал азығының жетіспеушілігі салдарынан мал шығыны тіркелмеді.

Сондай-ақ...