Елорда іргесіндегі Қосшы ауылында 128 бейнебақылау камерасы орнатылды

Енді қоғамдық тәртіп полиция бөлімінің ішінде құрылған жедел басқару орталығында бақыланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Камералардың 31-і – жылжымалы. Оның 23-і қоғамдық орындарға қойылған. Өзгесі аулаішілік жолдар мен көлік көп жүретін көшелердің қиылысында тұр. Камерада мін жоқ дейді мамандар. Көлік ішіндегі адамның түрін анық көрсетіп береді. Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы барлық камераға инфрақызыл жарық орнатылғанын айтты. Яғни түнде де бейненің сапасы жоғалмайды. 

Арманбек Баймурзин, облыстық полиция департаментінің бастығы:

– Полиция жұмысының бұл бағыттарын басты міндеттер ретінде ІІМ ел Президентінің жұртқа жақын полиция Жолдауының негізгі қағидаларын іске асыру және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау аясында жеке құрамның алдына қояды. Бүгінгі күні ауыл аумағында 128 бейнебақылау камерасы бар. Оның 66-сы Лесная поляна тұрғын алабында және 54 бейнекамера автожолдарда орнатылған.