СOVID-19: Павлодар облысындағы тоғыз ауданда ауру жұқтырғандар көбейді

Ертіс өңірі «қызыл» аймаққа енгелі бірнеше күн ғана болды.

Тек осы аптаның басынан бері тәулігіне 100-ден астам жаңа дерек тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір облыстың тоғыз ауданы мен үш қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қатары артты. Аурудың таралуын тоқтату мақсатында карантинге қатысты шектеу шаралары қолға алынды.

Өңірде эпидемиологиялық жағдай күннен күнге күрделеніп барады. Ауру жұқтырғандар, әсіресе, елді мекендерде көбейе түскен. Арасында балалар да бар. Бүгінгі күнге дейін 200-ге жуығы дертке шалдыққан. Мамандардың айтуынша, жеткіншектердің сырқаттануы орташа және жеңіл деңгейде өтеді. Дегенмен, одан кейін де ауру белгілері байқалуы мүмкін.

Осы емханада 1 жыл ішінде тексерілген 100-ден астам баланың сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Бүгінде олардың барлығы сауықты. Ауруды дер кезінде анықтау үшін екі мобильді топ жасақталған. Балалардың денсаулығын жіті бақылап, дер кезінде анықтау мақсатында екі мобильді топ құрылған.

Сағынбек Аспандияр, балалар дәрігері:

Байланыста болғандармен бірге санаған кезде науқас балалармен 30-32 шақырту болады. Соның өзінде қазір балалар мобильді топтары екеу. Таңертең және түстен кейін. Соның өзінде де жеткілікті емес. Ең кішкентай бала 5-6 айлық болды. Науқасты біз инфекциялық бөлімшеге жібердік. Өйткені бала кішкентай, онда дәрігерлердің қалауымен жақсы болады. Рентген түсіреді.

Жұқпалы аурулар ауруханасының стационарында 12 бала ем қабылдап жатыр. Өткен жылдың сәуірінен бері 155 бала дерттен айықты.

Әсел Байғанова, дәрігер инфекционист:

- Облыс бойынша, яғни, постковидті синдроммен өтті балалар. Яғни, постковидті синдром жеңіл түрде немесе симптомсыз түрде өткеннен кейін екі аптадан алты аптаға дейін сиптомы басталады. Өте ауыр ауру немесе «Кавасаки синдоромы» дейді. Иммунды патогенез жүйе жатыр, олар көбінесе бізде қарқынды терапиядан өтті. Бірақ бәрі аман-есен, стационардан шығарылды.

Аймақта коронавирус инфекциясы дендеген жағдайда инфекциялық госпитальдерде бес мыңға жауық төсек-орын жасақталған. Қазіргі таңда оның 33%-і толық. Сонымен қатар мобильді бригадалардың саны артты.

Ерғалы Асылбек, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының м.а.:

- Амбулаториялық деңгейде 169 мобильді топ жұмыс істейді. Өткен жылдың соңы мен қазіргі кезді салыстырсақ, дәрігерлердің жүктемесі көбейді. Дегенмен, олардың санын көбейту әзірге қажет емес. Мамандар екі ауысым бойынша жұмыс істеп жатыр. Жалпы аймақтың медициналық ұйымдарының жүктемесе де орташа деңгейде.

Дерттің таралуына халықтың карантиндік шараларды сақтамауы себеп. Індетпен күресу үшін облыста демалыс күндері локдаун жарияланды. Сенбі, жексенбі қоғамдық көліктер жүрмейді. Тамақтану орындарының жұмыс уақыты қысқартылып, сауда орындары уақытша жабылмақ.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов, Марат Игіліков