Қалада 8500-ден астам көп пәтерлі үй болса, соның тек 7%-інде ғана мүлік иелері бірлестігі мен жай серіктестік құрылған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Айта кетейік, 2020 жылы елімізде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі заң» күшіне енген болатын. Заңға сәйкес қала тұрғындары енді пәтер иелері коперативінің орнына мүлік иелері бірлестігін немесе серіктестікті таңдайды. Бірлестік бір немесе бірнеше үйді қамтиды. Оның төрағасы таңдалып, құрамында кемінде 3 тұрғыны бар үй кеңесі құрылады. Ал, кооперативтің барлық қызметі мен міндеті осы бірлестікке жүктеледі. Кооператив үш күннің ішінде бірлесттікке барлық құжаттарды өткізуге міндетті. Егер одан бас тартса, тұрғындар сотқа жүгіне алады. Пәтер иелері кооперативінің жұмысына 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін ғана рұқсат берілген
Жандос Қайырханов, қалалық тұрғын үй саясаты басқарма басшысы орынбасарының м.а:
- Аталған заңда жазылған мүлік иелері бірлестігі тіркелген күннен бастап хабарлама берілгеннен кейін КСК қабылдап-беру актісі дейміз ғой. Сонымен үйді және барлық құжатты, оған қоса, шотта жатқан қаржылардың бәрін өткізу керек.