427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында кәсіпкер тегін медициналық қызметке бөлінген қаржыны жымқырған

  • 250
  • UPD: 10:31, 22.01.2021
Атырау облысында кәсіпкер тегін медициналық қызметке бөлінген қаржыны жымқырған Lada.kz

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Атырау қ. екі кәсіпорынның директорына қатысты ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің мәліметінше, компаниялардың басшысы қызмет бабын пайдалана отырып, «Денсаулық» – «Тегін медициналық қызмет көрсету» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Атырау облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ға бюджеттен бөлінген 16,8 млн теңгеден астам ақша қаражатын жымқыру әрекетін жасаған.

Келтірілен залал Атырау облысының Сот сараптамасы институтының қорытындысымен расталды. Келтірілген залалдың соммасы өтелмегендіктен, күдікті тұлғаның мүлкіне тыйым салынды.

04.12.2020 жылы Атырау қаласы №2 сотының үкімімен аталған азаматша кінәлі деп танылып, оған қатысты 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру, медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы