Қазақстандықтарды пойыздардағы судың уланғаны туралы ақпарат шошытты

Instagram пайдаланушылары жолаушылар пойыздарының вагондарында орнатылған диспенсерлердегі су қауіпті болуы мүмкін, себебі оған «бірдеңе қосады» деп жазып жатыр. Бұл туралы жолаушымен әңгімелескен кезде жолсеріктің өзі айтқан екен.

Пост мәтініне қарағанда, оқиға Алматы-Павлодар бағытындағы пойызда болған. «ҚТЖ» АҚ әкімшілігі ауыз суға қандай да бір қоспалардың салынатыны туралы мәлімдемені жоққа шығарды, деп хабарлайды stopfake.kz.

– Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, өйткені кулерлерге құйылатын ауыз суға бөтелкедегі судың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын барлық қажетті құжаттар бар, – делінген «ҚТЖ» АҚ жауабында.

Сондай-ақ компания өкілдері болған жағдай туралы қосымша ақпарат жинауға кіріскендерін мәлім етті. Жақын арада тергеу басталады, оның қорытындысы туралы су сапасына шағымданған қазақстандыққа хабарланады.