Елге оралған 10 жолаушыдан коронавирус анықталды

20 қаңтарда елге оралған 10 қазақстандықтан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Минск, Шарм-эль-Шейх және Дубайдан келген. Өткен тәулікте Республика аумағына 13 халықаралық рейспен 1471 жолаушы келді. Оның 417-інде ПТР-тесттің нәтижесін көрсететін анықтама болмаған. Жолаушылар қонған жерінде арнайы тексеруден өтіп, ПТР-тест тапсырды. Нәтижесін карантиндік стационарда күтеді.