Алты жылдан бері іздеуде жүрген алаяқ ұсталды

Төлебилік полицейлер алты жылдан бері іздеуде жүрген алаяқты ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Төлеби АПБ-нің полицейлері 2014 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті азаматты ұстады. Ол осыдан алты жыл бұрын жергілікті тұрғынның біріне құжаты заңсыз жерді алдап сатқан. Содан бері күдікті ізін суытқан. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеген. Күдіктінің бас сауғалап қашуы, артынан ешбір із қалдырмай кетуі мен ақпарат көздерінің жоқтығынан полицейлер іздеп таба алмаған. Алайда жедел уәкілдер тобы күдікті азаматты Алматы қаласынан ұстады.

Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты тергеу амалдары жүруде. Тергеу барысында оның Жетісай ауданының тұрғыны екендігі белгілі болды. Сондай-ақ күдікті заңсыз жерді бес миллион теңгеге сатып, Алматы қаласына көшіп кеткен. Сонымен қатар оның бұрын ҚР ҚК-нің 190-бабымен қылмыс жасап, екі жылға сотты болғаны анықталды. Бүгінгі таңда 50 жастағы күдікті азамат қамауда.

Сондай-ақ...