Петропавлда аялдамаларды сындырған үш жігіт ұсталды

Петропавлда 3 аялдаманы сындырып кеткен 3 жігіт ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұзақылардың бұл әрекеті көше бақылау камераларына түсіп қалған.

Бірақ полицейлер оларды бір апта дегенде іздеп тапты. Белгілі болғандай, достарының туған күнін тойлап шыққан жастар жолда жай жүрмей, қоғамдық орындарды тепкілеп тас талқан еткен. Енді олар заң алдында жауап беріп, бұзылған мүлікті қалпына келтіреді. Әр аялдаманың құны – 400 мың теңгеден асады.  

Нұрбек Баекин, облыстық ПД баспасөз қызметінің инспекторы:

Жедел іздестіру шаралары барысында Петропавл қаласының үш тұрғыны ұсталды. Олардың екеуі колледж студенттері және біреуі кәмелетке толмаған жасөспірім болып шықты.