Павлодар облысында алдағы аптада қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

Павлодар облысында келер аптадан бастап карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Демалыс күндері локдаун жарияланады. Соңғы аптада тұрақты өсім байқалады. Мамандардың хабарлауынша, облыстағы үш қала мен тоғыз аудан «қызыл» аймақта тұр. Вирус жұқтырғандардың 60 проценті Павлодар қаласында тіркелді. Індеттің таралуына халықтың карантиндік шараларды сақтамауы себеп. Сенбі, жексенбіде қоғамдық көліктер жүрмейді. Тамақтану орындарының жұмыс уақыты қысқартылып, сауда орындары уақытша жабылады. Дүйсенбіден бастап қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін.

Гүлмира Құлмағамбетова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

– Қазіргі уақытта қолға алынған шектеу шаралары жалғасады. Мәселен, демалыс күндері қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылады. Мақсатымыз ауқымды дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу. Сенбі, жексінбі күндері жабылатын кей қоғамдық нысандар, сауда орындарында да санитарлық шаралары өткізіледі.