ШҚО-да қар күреу қарқын алмай тұр

Шығыста биыл жылдағыдан қар аз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен мердігер мекемелер облыстағы автокөлік жолдарындағы кей бағыттарды қардан аршып үлгермей жатыр. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» мамандары желтоқсан айынан бері өңірдегі жолдарға 20 рет шығып бақылау жүргізген. Нәтижесінде 30-дан аса кемшілікті анықтады. Әсіресе, аудандық мәртебедегі жолдарға қатысты халықтан арыз-шағым көп. Оған жауапты кейбір мердігер мекемелер қар жауған соң бірден күреуге кіріспейді. Көктайғақ болатын қия беттердегі жол бөлігіне құм сеппейді. Аймақтағы республикалық мәртебедегі жолды қыста күтіп-баптауға 162 техника жұмылдырылған. Қазір барлығы жолда жүр.

Асыл Абылқасымов, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК инженері:

– Жол бөлігінің толықтай қардан тазаланауы және жолдың қауіпті бөлігінде тайғаққа қарсы материалдардың себілмеуі. Осы анықталған кемшіліктер негізінде тапсырыс беруші мен мердігерге хат жіберілді. Осы хаттың негізінде жақын арада осы кемшіліктер жойылады.