Елордада карантин талаптары қаншалықты сақталып жүр

Елордалық полицейлер қаладағы тамақтану орындары, дәмхана мен мейрамханаларға рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаулыға сай олар кешкі сағат 8-де жұмысын тоқтатуы тиіс. Әріптесіміз Мерей Мұратханқызы рейд барысын бақылап жүр. Мерей, карантин талабы қаншалықты сақталып жатыр?