Оралда волонтерлер құшақтасу акциясын өткізді

Оралда коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі өршіп тұрғанына қарамастан, волонтерлер «ҚұшақTime» акциясын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жастар көшедегі тұрғындармен құшақтаса амандасып, жылы лебіз білдірді. «Осы арқылы көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлауға тырыстық», - дейді олар. Әлеуметтік желіге жүктелген бейнероликке қарағанда еріктілер медициналық бетперде тағып, енді бірі аниматорлық киім киген. Дегенмен акцияға үн қосқан тұрғындардың кейбірінде қорғаныш құралдары жоқ. Облыста қатерлі індет өршіп барады. Санитар мамандар әлеуметтік арақашықтық сақтауға шақырды. Акцияны ұйымдастырушылар «карантин талаптарын бұзған жоқпыз» дейді.

Мейірбек Нұркен, облыстық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы:

– Құшақтасу күні – халықаралық мереке. Қатаң санитарлық ережелер сақталды. Құшақтасқан кезде барлығы маскамен болды.

Сондай-ақ...