Зейнетақы жинағын алуға 11 мыңнан астам адам өтініш берген

Зейнетақы жинағын алу бойынша онлайн-платформа іске қосылғалы бері 11 мың 200-дей адам өтінім берді.

Олардың 48 проценті Ипотекалық қарызды өтеуге шешім қабылдапты. 17 проценті зейнетақы қорындағы қаржысын қосып үй сатып алмақшы. 15 проценті Зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына аудармақ. 8 проценті Отбасы банкінде ипотекалық қарыз рәсімдеуге ниет білдірген. Бұдан бөлек, қарызын қайта есептеу, жалға алған үйдің қарызын өтеу, алғашқы жарна ретінде пайдалану мақсатын таңдағандар да бар. Зейнетақы қорынан қаржы алу бойынша онлайн өтінішті тек компьютерден ғана бере аласыз. Мобильді нұсқада бұл операцияларды орындау мүмкін емес.