Елорда автобустарында санитарлық талаптар қаншалықты сақталған? LIVE

Елордада эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте тағы 211 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Індет өршіп тұрған кезде де жолаушылар лық толы автобуспен қатынап жүр. Тұрғындар әсіресе, таңғы және кешкі уақыттарда жағдай қиын екенін айтады. Амалы құрыған жолаушылар «тәртіпті ысырып қоюға мәжбүрміз» дейді. Ал таксимен жүруге екінің бірінің қалтасы көтере бермейді. Автобус бағыттарының арасында да айтарлықтай үзіліс байқалады.

Еске сала кетейік, қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы 14 қаңтарда шыққан болатын. Оған сәйкес, қоғамдық көліктерде бетперде киіп, әлеуметтік арақашықтық ұстану талап етіледі.