424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЖҚЖК: 2020 жылы 240 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды

  • 299
  • UPD: 10:02, 25.01.2021
ЖҚЖК: 2020 жылы 240 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды azattyq-ruhy.kz

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде 6,7 мың әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда, оларда 130 мың теңгелік орташа жалақымен 239 мың адам жұмыспен қамтылған.

ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша жүргізілуде:

- әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау;

- инженерлік-көліктік инфрақұрылымды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау, салу;

- елді мекендерді абаттандыру.

Отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің кемінде 90% - ын қолдануды қамтамасыз ету ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асырудың ерекше шарты болып табылады. Қызметкерлерді кемінде жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалданады және жұмыссыз жастарға басымдық беріледі. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге тиіс.

2020 жылдың қорытындысы бойынша өңірлерде 6,7 мың жоба бойынша жұмыс басталды, 239 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 120 мыңнан астамы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы құрылды.

Бағдарламаға қатысушылардың жартысы ауыл тұрғындары, 39%-і жастар өкілдері және 7%-і – табысы аз азаматтар.

Қабылданған шаралар жұмыссыздықты 5%, жастар жұмыссыздығын 3,9% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік берді.

ЖҚЖК аясында жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі Түркістан (25,3 мың), Шығыс Қазақстан (21 мың), Жамбыл (20 мың) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (21,4 мың).

ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы