419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда екі күнде қар құрсауынан 64 адам құтқарылды

  • 176
  • UPD: 11:52, 25.01.2021
Қазақстанда екі күнде қар құрсауынан 64 адам құтқарылды ҚР ТЖМ

Демалыс күндері республика бойынша қар құрсауынан 64 адам құтқарылды және 37 бірлік техника эвакуацияланды.

2021 жылдың 23-24 қаңтар күндері Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарындағы облыстық және республикалық маңызы бар автожолдарда қар құрсауынан 64 адам (оның ішінде 8 бала) құтқарылды, 37 жеңіл және жүк автомашинасы шығарылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖ департаменттерінің, республикалық жедел-құтқару жасағының, жергілікті атқарушы органдардың күштерімен құралдары жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Алматы облысында 2 іздестіру-құтқару жұмысы жүргізіліп, 3 адам құтқарылды. 23 қаңтар күні күндіз Алакөл ауданында, Қабанбайауылынан 50 шақырым жерде ТЖД күші 1975 жылытуған адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді, ол 22 қаңтарда «Капсалямова» шаруа қожалығына «Газ-53»автокөлігімен мал қарауға шығып, оралмаған. КешкісінТЖД іздеу тобы «Капсалямова» ШҚ аумағынан табылып, Қабанбай ауылына жеткізілді. Сонымен қатар, 22 қаңтар күні кешке Ақсу ауданы Үлгілі ауылыныңмаңында мал жайып жүріп, жоғалып кеткен 1959 жылытуған бақташыны іздеді. 23 қаңтар күні таңертең ТЖД іздеу тобы ауылдан 8 шақырым жерде бақташытабылып, құтқарылып, «Әділет» шаруа қожалығынажеткізілді.

Жалпы, 2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңнің басынан бері ел тұрғындарына «112» телефон нөмірі бойынша 2 040 СМС-хабарлама, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 678 хабарлама жіберілді. Елімізде 651 рет дауылды ескерту жарияланды. Еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдар 28 рет жабылып, 34 рет шетеу қойылды.

Алайда, осы ескертулерге қарамастан, адамдар жолға шығып, қар құрсауында қалған жағдайлар болды. Осылайша, қар құрсауынан 204 адам, оның ішінде 14бала құтқарылды. 186 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар қар құрсауынан 57 автокөлікті шығарды.

Хабар 24 телеарнасы