Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша әлемде «қызыл» аймаққа енді

Қазақстан коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша әлемде «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде қауіпті тізімді Алматы қаласы толықтырған. Өткен тәулікте мегаполисте 135 адамнан індет белгілері анықталған. Бұдан бөлек, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы да «қызыл» аймақта тұр. Қарағанды мен Алматы облыстары індет жұқтыру көрсеткіші бойынша «сары» аймақта. Ал қалған өңірлердегі эпидахуал тұрақты. Яғни «жасыл» аймақтар қатарында.