425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сергей Громов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды

  • 214
  • UPD: 14:36, 25.01.2021
Сергей Громов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Сергей Николаевич Громов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Сергей Громов 1959 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. Әр жылдары аудан әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, аппарат басшысы, төраға орынбасары, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының хатшысы, ҚР қорғаныс министрінің орынбасары болып жұмыс істеді. 

2013-2016 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының V шақырылымының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 

2016-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары.

2019 жылғы тамыздан бастап ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.

Хабар 24 телеарнасы