ШҚО-да ауданаралық автобустар қатынай бастады

Шығыс Қазақстан облысында ауданаралық автобустар қатынасы қайта жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтың бас санитар дәрігерінің қаулысына сай тиісті рұқсат берілді. Алайда санитарлық ережелер мұқият орындалуы тиіс. Яғни бетперде тағу, автобекеттерде дезинфекциялық тазалықты күшейтіп, арақашықтық сақтау сияқты ережелер бақылауда болады. Облыс орталығынан 500 шақырымда жатқан Үржар ауданының тұрғындары автобуспен әзірге Өскемен, Семей қалаларына сапарлай алады. Ал Талдықорған, Алматы бағытына рұқсат әзірге берілген жоқ.

Мақпал Талғатқызы, кәсіпкер:

Бізге де оңай тиген жоқ. Біздің де жұмысшылар жұмыссыз үйлерінде отырды. Пандемия ешкімге де оңай болып жатқан жоқ. Санитарлық талаптарға сай біз де әрекет етіп жатырмыз. Қазір бізде тек облыс ішінде ғана маршруттар жүріп жатыр. Енді болашақта басқа облыстарға да шығамыз ба деген үмітіміз бар, алдыға қойған мақсаттарымыз бар.

Сондай-ақ...