Түркістан облысында вакциналауға дайындық басталды

Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны өсіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаңтар айында өңірде 327 адамнан қауіпті індет анықталған. Ауруға шалдыққандар Созақ ауданында көп. Мұнда COVID-19 жұқтырғандар саны 90-ға жетті. Сайрам мен Мақтаарал аудандары да, індетке шалдыққандар бойынша алдыңғы қатарда тұр. Науқастармен байланыста болған 500-ге жуық адам дәрігерлердің бақылауына алынды. Жалпы Түркістан облысында мыңға жуық инфекциялық және карантиндік төсек-орын дайындалды. Қазір олардың төрттен бірі бос емес. Өңірде дәрігерлер халықты вакциналауға дайындап жатыр. Алайда бірінші кезең аясында қанша адамға екпе егілетіні әзірге белгісіз.

Марат Пашимов, Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Қазіргі таңда ерікті түрде ешкімге вакцина салынбайды. Емдеу хаттамаға сәйкес жүргізілетінін бәрі түсінуі кажет. Бұл аурумен ауырмас үшін алдын алу қажет. Әлемде ең алдымен вакцинация бірінші орында.

Сондай-ақ...