417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ел аймақтарын цифрлық хабар тарату желісімен 95% қамту жоспарлануда

  • 183
  • UPD: 20:18, 25.01.2021
Ел аймақтарын цифрлық хабар тарату желісімен 95% қамту жоспарлануда

1 ақпаннан бастап Алматы қаласы толығымен цифрлық хабар тарату қызметіне көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елімізде цифрлық телевизия 2012 жылы шілде айында іске қосылған болатын. Бұл жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Алдымен елорда мен Алматы және Қарағанды, Жезқазған, Жаңаөзен қаласының тұрғындары сапалы хабар таратудың игілігін көрді. Қазір цифрлық телехабар тарату желісі барлық облыс орталықтарында қолжетімді. Аймақтарда 546 радио-телевизиялық станса жұмыс істейді. Жыл соңына дейін олардың санын 827-ге жеткізу жоспарланған. Бұл цифрлық хабар тарату желісімен ел аймақтарын 95 процентке қамтуға мүмкіндік береді. Жоба 2022 жылы аяқталуы тиіс.

Қайсар Раздыков, «Қазтелерадио» АҚ Алматы облыстық Телерадио хабарларын тарату дирекциясының директоры:

– Бұрынғы уақытта ауылдық жерде аналогтық эфирлік телевизияда олар тек 2-3 канал ғана көре алатын. Қазіргі уақытта цифрлық эфирлік хабарларға көшірілген. Олар 15 телеарнаға дейін көруге мүмкіндіктері бар. Дәл солай облыс орталықтарында бұрын 10 телеарна көретін болса, бүгінгі уақытта олар 30 телеарнаға дейін көре алады. Дыбысы мен сапасы өте жоғары.

Хабар 24 телеарнасы