419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Суретке топталып түскен депутаттарға айыппұл салынды

  • 157
  • UPD: 19:54, 25.01.2021
Суретке топталып түскен депутаттарға айыппұл салынды

Семейде жаңадан сайланған қалалық мәслихат депутаттары әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы хабарлады. Сайлаудан кейін алғашқы отырысына жиналған депутаттар маскасыз топтасып суретке түскен. Қазір осы рәсімге қатысқан 21 депутатқа қатысты хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Фото әлеуметтік желіде ұзақ талқыға түсіп, тұрғындар наразылығын туғызған еді. Халық қалаулылары суретке түсу рәсімінде «30 секунд демімізді тартып тұрдық» деп ақталған болатын. Олардың бұл уәжі көпшіліктің әжуасына ұласты. 

Берік Тілебалдин, қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

– Жауапқа тарта бастадық. 30 айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған, бүгінгі таңға 87 мың 510 теңге. Ол айыппұлды әрбір азамат 30 күннің ішінде төлеуі қажет. Содан кейін төленбесе, ары қарай іс сот орындаушыларына жіберіледі. Ал егер 7 күннің ішінде төлесе, онда 50 проценттік жеңілдікпен төлеп бізге түбіртегін көрсетулері қажет.

Хабар 24 телеарнасы