414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енеді

  • 180
  • UPD: 20:38, 25.01.2021
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енеді

Шілдеде әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжат былтыр жазда қабылданды. Енді мемлекеттік орган мен жеке тұлға арасындағы дау тиімді шешіледі. Бұған дейін мұндай істер азаматтық соттарда қаралып келген. Ол кезде мемлекеттік ұйымдардың бәсі басым болатын. Жаңа кодекске сай мемлекеттік орган немесе квазисектор өкілдері тек жауапкер болып табылады. Жеке тұлғаның мүддесі қорғалған сот шешімі орындалмаса, жауап беруші тараптардан 100 айлық-есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржы өндіріледі. Жаңа кодекс күшіне енгенде әкімшілік рәсімдер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы заңдар күшін жояды. Бүгінде елде 21 әкімшілік сот құрылып жатыр.

Айдос Сәдуақасов, ҚР Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы:

– Ол соттардың 17-сі еліміздің ірі қалаларында, яғни облыс орталықтарында. Қалған 4-еуі адамдар көп шоғырланған және соттан тысқары жатқан Қаскелен, Семей, Жезқазған, Екібастұз сияқты қалаларда орналасатын болады. Қазіргі таңда осы әкімшілік әділет жүйесіне дайындық барысы жүруде. Судьяларды оқытып жатырмыз. 500-ге жуық судья қамтылуда.

Хабар 24 телеарнасы