Жасөспірімнің үстіне тұрғын үйдің төбесінен қар құлады

Оралда жасөспірімнің үстіне көпқабатты тұрғын үй төбесіндегі қар құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әйтеуір бала дін-аман. Дәрігерлердің айтуынша, жарақаты жеңіл. Ауруханада медициналық тексерістен өткен соң үйіне қайтарылды. Төбеден құлаған қар ауладағы жеңіл көлікке де зақым келтірді. Бұл көпқабатты тұрғын үйдің күтіміне «Еділ-Жайық» пәтер иелері кооперативі жауапты. Қала әкімдігінің мәліметінше, коммуналдық қызмет көрсету ұйымының тарифтік жоспарында шатырды қар мен мұз сүңгілерінен тазарту жұмысы қарастырылмаған.

Дархан Еркінұлы, қалалық ТҮКШ, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

– Тұрғындардан ай сайынғы жиналатын ақшада, тарифтік қызметте егер қар тазалау жұмыстары көрсетілмеген болса, олар ПИК міндетті емес. Тұрғын үй қатынастары заңына сәйкес әрбір үйді және кондоминиум объектісін күтіп-ұстау ол тұрғындардың өздерінің ауыртпашылығы болып табылады.

Сондай-ақ...