Коронавирусқа қарсы вакцина қазақстандықтар үшін тегін болады

Қазақстандықтар үшін коронавирусқа қарсы екпе тегін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі мәлімдеді. Ол халықты қатаң түрде белгіленген жоспар бойынша вакциналау жүргізілетінін атап өтті. Бірінші болып медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен полицейлер егіледі. Кезектен тыс егілуге мүмкіндік болмайды. Жалпы алғанда 6 миллионға жуық қазақстандықты егу жоспарланып отыр.

Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:

– Вакцина Қазақстанда тегін салынады. Ақылы түрде деген әлі де жоспарда жоқ. Біз өз азаматтарымызды қамтамасыз етуіміз керек. Ең басты мәселе – қазіргі күні кереғар ақпарат тарап жүр. Вакцинаны мәжбүрлеп салынады деген. Мен қазақстандықтарға айта кетсем, вакцинаны мәжбүрлеп салу туралы ақпарат – теріс.

Сондай-ақ...