Қазақстандықтардың 48 проценті ғана экологиялық жағдайға көңілі толады

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экология мәселесін де айналып өтпеді.

Себебі бұл – халықтың тұрмыс сапасына ықпал ететін өте маңызды сала. Президент сауалнама кезінде азаматтарымыздың 48 проценті ғана экологиялық жағдайға көңіліміз толады деп жауап бергенін тілге тиек етті.

«Осыған орай, жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Бұл – жұртшылықтың талап-тілегін ескеріп дайындалған жүйелі әрі кешенді құжат. Сондай-ақ кодекс озық халықаралық стандарттарға сай келеді.

Экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға арналған тиімді бағдарламаларды жүзеге асырған жағдайда кәсіпорындар өндірістік қалдық үшін алынатын төлемнен босатылады. Үкімет және қоғам осы жұмыстың уақтылы және сапалы атқарылуын қатаң бақылауда ұстауға тиіс», – деді Тоқаев.

Қ.Тоқаев жаппай вакциналауға қатысты тапсырма берді

А.Цой «қызыл аймақтағы» өңірлерді қосымша шаралар қабылдауға шақырды

Қазақстанда инфляция деңгейі 7,5%-ті құрады

Ел экономикасы қашан қалыпқа келеді?

Үкіметке шағын және орта бизнеске қолдау көрсету тапсырылды

ҚР Президенті: Жүз мыңнан астам адам мемлекет қолдауынан тыс қалды

Мемлекет басшысы: Фармацевтика саласында монополияға жол берілмейді

Президент жайылымдық жерлер ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керектігін айтты

Қ.Тоқаев бәсекелестікті дамытатын заң қабылдауды тапсырды