Елімізде су ресурстарын басқарудың ұлттық жобасы жүзеге асады

Су ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану – аса маңызды міндет.

Бұл – ұлттық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету мәселесі. Президент тапсырмасы бойынша Су ресурстарын басқарудың ұлттық жобасы дайындалды. Бүгін Мемлекет басшысы ауыл халқына экономика, өңірлік даму және тең мүмкіндік беру тұрғысынан жаңа әрі серпінді шешімдер қажеттігін және агроөнеркәсіп кешені туралы ұлттық жоба әзірленіп жатқанын айтты. Жайылымдардың 99 проценті шаруа қожалықтарының иелігінде. Алайда оның 36 процентінде ғана мал жайылады. Қалған 46 миллион гектар жайылымдық жер бос жатыр. Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін осы жайылымдарды қайтарып алу міндеттелді. Биыл Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталады. Осыған орай Жер жөніндегі комиссияның жұмысы қайта жанданатын болды.

Қ.Тоқаев жаппай вакциналауға қатысты тапсырма берді

А.Цой «қызыл аймақтағы» өңірлерді қосымша шаралар қабылдауға шақырды

Қазақстанда инфляция деңгейі 7,5%-ті құрады

Ел экономикасы қашан қалыпқа келеді?

Үкіметке шағын және орта бизнеске қолдау көрсету тапсырылды

ҚР Президенті: Жүз мыңнан астам адам мемлекет қолдауынан тыс қалды

Мемлекет басшысы: Фармацевтика саласында монополияға жол берілмейді

Президент жайылымдық жерлер ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керектігін айтты

Қазақстандықтардың 48 проценті ғана экологиялық жағдайға көңілі толады

Қ.Тоқаев бәсекелестікті дамытатын заң қабылдауды тапсырды