419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

iKOMEK109 аясында сенім телефоны іске қосылды: есірткіге тәуелді жандарға консультация беріледі

  • 128
  • UPD: 15:38, 26.01.2021
iKOMEK109 аясында сенім телефоны іске қосылды: есірткіге тәуелді жандарға консультация беріледі astana.gov.kz

iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығының аясында наркологиялық көмек мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін наркологиялық көмек мамандандырылған қалалық психикалық денсаулық орталығы тарапынан тегін медициналық көмек аясында ұсынылады.

Орталық қызметі психоактивті заттарға, яғни есірткі секілді дәрілік заттарға тәуелділіктен зардап шегетіндерді емдеуге, оңалтуға, оларға консультация беруге бағытталған.

Бүгіннен бастап iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына наркологиялық көмек мәселелері бойынша тәулік бойы 1-0-9 қысқа нөмірі арқылы консультация береді. Мобильді және қалалық телефондардан хабарласу тегін.

Наркологиялық тәуелділікке қатысты барлық қоңыраулар мен өтініштер жасырын режимде өңделетінін айта кеткен жөн.

Нашақорлық, маскүнемдік, құмар ойындарға тәуелділік – бұл тек бір ғана емделушінің басындағы ғана емес, оның бүкіл отбасының түйткілді проблемасы. Себебі тәуелділіктен зардап шегетіндер тек өзін емес, айналасындағының бәріне қиындық келтіреді.

Жақыныңыз психоактивті заттарға тәуелді екенін байқасаңыз, iKOMEK бірыңғай байланыс орталығына 1-0-9 нөмірі арқылы немесе төмендегі балама құралдар арқылы жүгінуді сұраймыз:

- әкімдіктің ресми сайты astana.gov.kz;
- iKOMEK109 мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);
- Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot);
- Smart Astana мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);
- aitu.city порталы.

Хабар 24 телеарнасы